Сәрсенбі, 10 мамырда Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалдық айқастары өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл кезеңге Қазақстан құрамасының жеті боксшысы өтті.
15:00-де басталатын күндізгі сессияда рингке үш қазақстандық шығады. Үшінші жұпта 57 келіде өнер көрсететін Серік Теміржанов кубалық Сайдел Ортамен айқасады. Сегізінші жұпта Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов (71 келі) франциялық Макан Траоремен қолғап түйістіреді. Одан кейін 80 келідегі Нұрбек Оралбай иорданиялық Хуссейн Эйшаиш Ишайшпен жекпе-жекке шығады.
19:00-дегі кешкі сессия Санжар Тәшкенбай мен жапониялық Кадзумо Аратаке кездесуімен басталады, боксшылар 48 келіде өнер көрсетеді. Үшінші жұпта Махмұт Сабырхан ганалық Мохаммед Амадпен 54 келіде жартылай финалға жолдаманы сарапқа салады. Сегізініші жұпта Дулат Бекбауов мексикалық Мигель Анхел Мартинеспен 67 келіде өзара мықтыны анықтайды. Ал кештің ең соңғы айқасында ең ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев өзбекстандық Баходир Джалоловпен жекпе-жекке шығады.