Бокс
9 маусым 2020 12:13

Жер бетінде өмір сүрген ең ұлы боксшымын - суперауыр салмақта WBC чемпионы

Сурет: Reuters
Суперауыр салмақта WBC чемпионы британиялық Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) өзін жер бетінде өмір сүрген ең мықты боксшы екенін айтады, - деп хабарлайды sports.ru.


"Кейінгі мың жылда мені жеңе алатын ауыр салмақтағы боксшы туған жоқ. Жер бетінде өмір сүрген ең ұлы боксшымын. Бұл аздап қымсына айтқандағым. Мен бокс үші жаралғанмын. Қазір әлемдегі ең ірі ареналарда жұдырықтасамын және әркез мықты өнер көрсетемін", - дейді Фьюри. 

"Семіз, ұсқынсыз, тақыр дәумін". Бокс тарихындағы ең қаһарлы панчерді жеңген әлем чемпионы

Еске салайық, ақпанда Лас-Вегаста өткен қарымта жекпе-жекте Фьюри америкалық Деонтей Уайлдерді (42-1-1, 41 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, ауыр салмақта WBC чемпионы атанған.