Қазақстандық боксшы Абазл Құттыбеков Софияда өтіп жатқан Странджа кубогі атты халықаралық турнирдің ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
92 келі салмақтағы 1/8 финалда қазақ боксшы грузиялық Артем Иорданянмен жұдырықтасты. Абзал жекпе-жек бойы басымдық көрсетті, алайда үшінші раундта айқастан шеттеліп, төрешілер жеңісті грузиялыққа берді.
Осылайша, кіші әлем чемпионаты атанып кеткен бұл турнирден Қазақстан құрамасының бесінші боксшысы шығып қалды.