Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан әлем чемпионатының финалына жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
63,5 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда ол ресейлік Илья Поповқа 3:4 есебімен жол берді. Жекпе-жектің сәтті басталуына және ұпай бойынша басымдыққа қарамастан, Зейнуллинов қарсыласына жағдайды теңестіруге және жеңісті тартып алуға мүмкіндік берді. Осылайша, қазақстандық боксшы елге қола жүлдемен оралады.
Жарнама