oTjBXApTW6P2YiM7GV1sDZYZHKYjzugNUAvzq3dX
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Жеңілуім мүмкін". Альварес америкалық боксшымен жекпе-жегі жайында

"Жеңілуім мүмкін". Альварес америкалық боксшымен жекпе-жегі жайында
Сурет: sport.ua
Орта салмақта WBC, WBA (Super) белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) осы салмақта IBF чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 КО) жекпе-жек алдындағы көңіл-күйімен бөлісті. Бұл туралы vRINGe.com хабарлап отыр.

Жекпе-жек 4 мамыр Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Екі боксшы да чемпиондықтарын қорғайды. 

"Дэниэл қауіпті қарсылас екенін білемін және мұндай жігітті жеңу үшін көп тер төгу қажет. Бірақ мықты атану үшін де, мықтылармен жұдырықтасу керек. Ал мен өзімді сынағанды жақсы көремін. Адамдар рингтен жағымды дүние көрсе, мен сол жерде жұдырықтасамын. Әрине мен жеңіліп қалуым да мүмкін, бірақ, менің жүрегім - жеңімпаз жүрегі. Жақсы жекпе-жекпе тамашалатып, аяғын ұмтылмастай еткім келеді", - дейді Альварес. 

Джейкобс өзін андердог деуге мүлде қарсы емес екен. Мұндай диспозиция оған еш әсер етпейтін көрінеді. Керісінше "Канелоның" өзі "бойшаң, ірі және жылдам" қарсыластан қауіптену керек дейді.

Ал промоутер және шоудың басты ұйымдастырушысы Оскар Де Ла Хойя Джейкобс - Альварес кездесуі "жыл жекпе-жегі" боларына кепіл береді.

"Ұлы боксшы болғысы келетін екеу арасындағы ғасыр жекпе-жегі, демек, жанкүйерлер жұмсаған ақшасына өкінбеді. Бұл маңызды жекпе-жек, өйткені мұнда екі әлем чемпионы жұдырықтасады. Олардың бірі белбеулерді біріктіріп, орта салмақтағы ең мықты боксшы атанады", - дейді Де Ла Хойя.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар