"Жеңілістің орнын жабады". Головкинге "Канелоны" жеңу жолы айтылды

Сурет: MMA Junkie

Екінші орта салмақта WBO чемпионы болған германиялық Роберт Штиглиц "Московский Комсомолец" басылымына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Василий Ломаченконы ең мықты боксшылар деп есептейтінін айтты. 

- Қазіргі таңда ең мықты боксшы кім?

- Геннадий Головкин және Василий Ломаченко. Ломаченко Лопестен жеңілді, бірақ, ол жарақатына байланысты шынымен қиын жағдайда болды. Ол әлі оралады. 

- Ал Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасында үшінші жекпе-жек өткізудің мәні бар ма?

 
- Не болса да, бұл айқасты көргім келеді. Ыңғайы келсе бейтарап аймақта. Мәселен, Ресей немесе Еуропада, Англияда. Гена оралады деп үміттенемін. Ресми түрде оның бір жеңілісі бар, ол оның орнын жабуы тиіс. 

 
– Сіздіңше алдыңғы жекпе-жекте кім жеңді?

– Гена. Мен Головкиннің жеңілгенін көрмедім. Саясат.