Жеңіліс көрмеген боксшыны 72 секундта сұлатқан Тұрсынбай Құлахмет әлемдік рейтингте шарықтады

Сурет: instagram.com/kulakhmet_tursynbay

Бұрын жеңілмеген венесуэлалықты 72 секундта нокаутқа түсірген қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет BoxRec рейтингінде 48 саты жоғарылады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл айқасқа дейін Тұрсынбай бірінші орта салмақ рейтингінде 187-ші орында болған, ал қазір 139-шы. Ал 20 жеңіске жетіп, алғаш рет жеңілген Рондон 36 саты құлдырап, 184-тен 220-ға түсті.

Еске салайық, Тұрсынбай Дубайда өткен бокс кешінде жұдырықтасты. Бұл шоуда Жанқош Тұраров та бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental титулын британиялық Тайрон Маккеннаға (21-2-1, 6 КО) қарсы қорғау керек болатын. Алайда жекпе-жекке бір күн қалғанда қазақстандық боксшыдан коронавирус анықталды. 

Айта кетейік, Тұрсынбай Құлахмет әуесқойда 2019 жылғы Азия чемпионы және сол жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.