Бокс
10 шілде 2021 23:13
 

Жеңіліс көрмеген Азия чемпионы ресейлік боксшының жағын сындырып жіберді

  Пікірлер

blog.share

Жеңіліс көрмеген Азия чемпионы ресейлік боксшының жағын сындырып жіберді Сурет: olympic.kz

Жастар Олимпиадасының финалисті және жастар арасында Азия чемпионы Талғат Шәйкен (4-0) кәсіпқой карьерасында бесінші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz..

blog.share

Жастар Олимпиадасының финалисті және жастар арасында Азия чемпионы Талғат Шәйкен (4-0) кәсіпқой карьерасында бесінші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz..

Алматыда өткен бокс кешінде 20 жастағы Талғат 29 жастағы ресейлік Александр Шароновпен (12-5-2) жекпе-жекке шықты. Жартылай орта салмақтағы кездесу сегіз раундқа есептелген болатын. 

Алайда жетінші раундта Шаронов қазақстандық боксшының ауыр соққысынан кейін бұрышына барып отырды, осыдан кейін айқасты жалғастырудан бас тартты. Бұрышта отырған кезде дәрігер ресейліктің жағын тексерді, Шәйкен оны сындырып жіберсе керек. 

Осылайша, Талғат бес жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті, ал Шаронов карьерасында алтыншы рет жеңілді. 

Мұның алдындағы айқаста Иван Дычко бірінші раундта ресейлік Денис Бахтовты нокаутқа түсірді. Ал Дәурен Елеусінов пен Арман Рысбек жекпе-жегінде Олимпиада чемпионының ағасы жеңіске жетті. Ресейлік Иса Чаниевпен жекпе-жекте Нұртас Әжбенов нокаутқа түсіп қалды. Бұл кештің басты айқасынның бірінде Тұрсынбай Құлахмет "Рокки" лақап атты ресейлік Алексей Евченконы техникалық нокаутпен жеңді. 

Жарнама

Живи спортом!