Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (16-0, 14 КО) келесі жекпе-жегін 31 қазан Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бектің қарсыласы кім?Қазақстандық боксшының қарсыласы мексикалық Маркос Рамон Васкес Родригес (21-3-1, 10 КО) болады.
Екеуі The Venue аренасында өтетін "Мексика әлемге қарсы" атты бокс кешіне қатысады.
Канелоның андеркартында өнер көрсетеді31 қазанда Сауд Арабиясында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде мексикалық Сауль "Канело" Альварес (63-3-2, 39 КО) пен франциялық Кристиан Мбилли (29-0-1, 24 КО) екінші орта салмақтағы WBC чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады.
Бұған дейін Нұрмағанбет Канелоның андеркартында өнер көрсеткен. Атақты мексикалық боксшының спарринг-серігі болып жүрген қазақстандық оның кардында үш рет жекпе-жек өткізген.
Жекпе-жек алдындағы жағдайНұрмағанбет бұған дейін Алматыда өткен бокс кешінде ресейлік Артыш Лопсанмен (14-4-2, 9 КО) кездесіп, қарсыласын нокаутқа түсірген.
Ал Родригес соңғы жекпе-жегін 19 қыркүйекте өткізіп, төрешілер шешімімен америкалық Лазаро Франсиско Лоренсанға (15-0) есе жіберді.