Жеңіліп көрмеген ресейлік чемпионның жекпе-жегін Қазақстанда тікелей эфирде көрсетеді

Артур Бетербиев. Фото: globallookpress.com©

Qazsport телеарнасы Артур Бетербиевтің (15-0, 15 КО) жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

36 жастағы WBC және IBF нұсқалары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы 30 жастағы неміс спортшысы Адам Дайнеспен (19-1-1, 10 КО) шаршы алаңға шығады. 12 раундтық бәсеке ертең, яғни 20 наурыз күні Мәскеуде өтеді. 

Бетербиев соңғы кездесуін 2019 жылдың қазан айында Александр Гвоздикке қарсы өткізген болатын. Ресейлік боксшы Гвоздикті жекпе-жектің оныншы раундында нокаутпен жеңген еді. Бетербиев өз карьерасындағы барлық кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап, ешбір кездесуде жеңіліп көрмеген.  

Естеріңізге сала кетейік, Qazsport арнасындағы трансляция Нұр-Cұлтан уақытымен сағат 23:00-де басталады. 
 

Метки:
Жаңалықтар