Жеңіліп көрмеген қазақстандық чемпион келесі айқасқа қатысты мәлімдеме жасады

©instagram.com/movidapromotions

Бірінші орта салмақта IBO чемпионы Жанқош Тұраров (27-0, 20 KO) алдағы жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz

Тұраров келесі айқасын 10 желтоқсан Алматыда өткізеді. Бұл жолы ол 38 жастағы жапониялық Акихира Кондомен (37-11-2, 21 KO) жұдырықтасады. Боксшылар Жанқоштың белбеуінен бөлек WBA Gold титулын да сарапқа салады.

"Біздің белдіктер бізде қалады. Бұған қоса тағы біреуін алып кетеміз — WBA Gold World. Алла қаласа, 10 желтоқсан күні жаңа тарих жазамыз!", - деп жазыпты Жанқош Instagram желісінде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар