Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы қарашада шаршы алаңға шығады

30 қыркүйек 2021 17:44
©Серік Мұсәділов

Қазақстандық боксшы Серік Мұсәділов (10-0, 9 КО) пен америкалық Шон Миллер (18-6-1, 7 КО) арасындағы жекпе-жек өтетін уақыт белгіленді.

Бұл жекпе-жек 24 қыркүйекте Майамиде (Флорида, АҚШ) өтеді деп жоспарланған. BoxRec.com порталының мәліметіне сенсек, кездесу өтетін жаңа уақыт - 20 қараша.

Айта кетейік, Серік Мұсаділов кәсіпқой рингтегі оныншы жекпе-жегінде бірінші ауыр салмақтағы вакантты NABA чемпионы атағы үшін америкалық Ламонт Кейперспен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: