Жеңіліп көрмеген қазақ боксшы күтпеген кедергіге тап болды

©instagram.com/meiirim_n/

"Adal Promotions" промоутерлік компаниясының баспасөз қызметі орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (20-0, 11 КО) жекпе-жегі өтпейтінін хабарлайды, деп жазады Vesti.kz.

"Құрметті достар, "Adal Promotions" боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) келесі кездесуін 13 шілде өткізуі керек болған.

Бірақ, өкінішке қарай, визаның шықпауына байланысты боксшымыздың бұл кездесуі өтпейді.

Қазіргі уақытта Мейірім жаттығуын тоқтатпай ары қарай жалғастыруда. Бүгінгі таңда жаңа кездесу туралы келіссөз жүріп жатыр. Келіссөз аяқталғанда біз міндетті түрде хабарлаймыз!", - делінген хабарламада. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар