Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Рахат Сейітжан (10-0, 6 KO) 21 маусым Ресей ұлттық құрамасына қарсы өтетін матчтық кездесуге қатысатын Әлем құрамасына кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ресей бокс федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, турнир Санкт-Петербург экономикалық форумы аясында өтеді. Жекпе-жектер кәсіби бокс форматында бес салмақ дәрежесінде (57 кг дейін, 60 кг дейін, 67 кг дейін, 71 кг дейін және + 92 кг) өтеді. Әр айқас - үш минуттық төрт раундтан тұрады.
Жеңіліп көрмеген қазақ боксшы рингте ресейлік Александр Зыряновпен (2-0) жұдырықтасады. Сонымен қатар, Әлем құрамасы сапында Венесуэладан — Уильям Флорес, Армениядан — Артур Базеян, Аргентинадан — Эмилиано Пучета және Аустралиядан — Джексон Мюррей өнер көрсетеді.