Бокс
17 желтоқсан 2024 10:41
 

Жеңіліп көрмеген боксшылардың айқасын төреші тоқтатты

  Пікірлер

blog.share

Жеңіліп көрмеген боксшылардың айқасын төреші тоқтатты ©Видеодан кадр

АҚШ-тың Онтарио қаласындағы бокс кешінде бірінші орта салмақтағы америкалық проспект Чарльз Конуэлл (21-0, 16 КО) аргентиналық Херардо Луис Вергарамен (20-1, 13 КО) жұдырықтасты. 

blog.share

АҚШ-тың Онтарио қаласындағы бокс кешінде бірінші орта салмақтағы америкалық проспект Чарльз Конуэлл (21-0, 16 КО) аргентиналық Херардо Луис Вергарамен (20-1, 13 КО) жұдырықтасты. 

Бұрын жеңіліп көрмеген екі боксшының айқасы жетінші раунда аяқталды. Конуэлл қарсыласын арқанға тақап алып, сабай бастады. Осы кезде төреші аргентиналықтың қорғана алмай бара жатқанын байқап, жекпе-жекті тоқтатты. 

Осылайша, 21 жеңіске жеткен Конуэлл 16-шы қарсыласын нокаутқа түсірді. Ал 20 қарсыласын жеңген Вергара карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр. 

Еске салайық, 2020 жылы Конуэлл қазақстандық Мадияр Әшкеевті тоғызыншы раундта жеңген болатын. Бұл қазақ боксшының карьерасындағы алғашқы және жалғыз жеңіліс болды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!