АҚШ-тың Чикаго қаласында өткен бокс кешіндегі жекпе-жектердің бірі нокаутпен аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жеңіл салмақтағы америкалық боксшы Джамал Харви (5-0, 4 KO) үшінші раундта мексикалық Педро Кастаньеданы (9-2-1, 5 KO) нокаутқа түсірді.
Осылайша, жеңіліп көрмеген Харви кәсіпқой карьерасында бесінші жеңісіне жетті. Оның төрт жеңісі мерзімінен бұрын аяқталған. Ал Кастаньеда болса, карьерасында екінші жеңілісіне ұшырады. Ол екі рет те нокаутпен жеңілген. Сонымен қоса, мексикалық боксшының еншісінде тоғыз жеңіс пен бір тең нәтиже бар.
23 жастағы Харви - 2023 жылғы Панамерика ойындарының чемпионы. Сонымен қатар ол 2021 жылы әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанған.