Америкалық боксшы Шакур Стивенсон (25-0, 11 KO) отандасы Теофимо Лопесті (22-2, 13 KO) жеңіп, бірінші жартылай орта салмақта WBO белбеуін иеленгеннен кейін The Ring рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жаңа салмақтағы дебюттен кейінгі өрлеуСтивенсон жаңа дивизиондағы дебютін 31 қаңтарда Лопеске қарсы жекпе-жекпен өткізді. Америкалық боксшы рингте толық басымдық танытып, айқын жеңіске жетті және осылайша карьерасындағы төртінші салмақ дәрежесінде чемпиондық титулды жеңіп алды.
Осы жеңістен кейін Шакур салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың әлемдік рейтингісінде (p4p) топ-3 қатарына енді. Ол америкалық Джесси Родригесті (23-0, 16 KO), ресейлік Дмитрий Бивол (24-1, 12 KO) мен Артур Бетербиевті (21-1, 20 KO), сондай-ақ, жапониялық Дзюнто Накатаниді (32-0, 24 KO) артта қалдырды.
10 ақпандағы The Ring нұсқасы бойынша топ-10 үздік боксшы:Александр Усик (24-0)
Наоя Иноуэ (32-0)
Шакур Стивенсон (25-0)
Джесси Родригес (23-0)
Дмитрий Бивол (24-1)
Артур Бетербиев (21-1)
Дзюнто Накатани (32-0)
Дэвид Бенавидес (31-0)
Девин Хейни (33-0)
Оскар Колласо (13-0)
Айта кетейік, 5 ақпанда Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Шакур Стивенсонды чемпион мәртебесінен айырғаны белгілі болды.