1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Кеше 14:22
 

Жеңіліп көрмеген боксшы бір жекпе-жек арқасында Биволдан да, Бетребиевтен де асып түсті

  Пікірлер

blog.share

Жеңіліп көрмеген боксшы бір жекпе-жек арқасында Биволдан да, Бетребиевтен де асып түсті ©Ring TV

Америкалық боксшы Шакур Стивенсон (25-0, 11 KO) отандасы Теофимо Лопесті (22-2, 13 KO) жеңіп, бірінші жартылай орта салмақта WBO белбеуін иеленгеннен кейін The Ring рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Америкалық боксшы Шакур Стивенсон (25-0, 11 KO) отандасы Теофимо Лопесті (22-2, 13 KO) жеңіп, бірінші жартылай орта салмақта WBO белбеуін иеленгеннен кейін The Ring рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңа салмақтағы дебюттен кейінгі өрлеу

Стивенсон жаңа дивизиондағы дебютін 31 қаңтарда Лопеске қарсы жекпе-жекпен өткізді. Америкалық боксшы рингте толық басымдық танытып, айқын жеңіске жетті және осылайша карьерасындағы төртінші салмақ дәрежесінде чемпиондық титулды жеңіп алды.

The Ring журналының жаңартылған p4p рейтингі

Осы жеңістен кейін Шакур салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың әлемдік рейтингісінде (p4p) топ-3 қатарына енді. Ол америкалық Джесси Родригесті (23-0, 16 KO), ресейлік Дмитрий Бивол (24-1, 12 KO) мен Артур Бетербиевті (21-1, 20 KO), сондай-ақ, жапониялық Дзюнто Накатаниді (32-0, 24 KO) артта қалдырды.

10 ақпандағы The Ring нұсқасы бойынша топ-10 үздік боксшы:

Александр Усик (24-0)
Наоя Иноуэ (32-0)
Шакур Стивенсон (25-0)
Джесси Родригес (23-0)
Дмитрий Бивол (24-1)
Артур Бетербиев (21-1)
Дзюнто Накатани (32-0)
Дэвид Бенавидес (31-0)
Девин Хейни (33-0)
Оскар Колласо (13-0)

Айта кетейік, 5 ақпанда Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Шакур Стивенсонды чемпион мәртебесінен айырғаны белгілі болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!