Жеңіліп көрмеген америкалыққа Әлімханұлымен айқас ұсынылды. Ол қазақ боксшыны жеңген

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

ESPN арнасының инсайдері Майк Коппинджер қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) қарсылас таңдауына қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды Vesti.kz.  

"ESPN арнасына дереккөздер мынандай мәлімет берді, Чарльз Конуэллге мамырда орта салмақта Жәнібек Әлімханұлымен титулды айқасқа шығау ұсынылды. Конуэлл бірінші орта салмақта өнер көрсетеді. Ол 154 фунтта Себастьян Фундорамен жұдырықтасуға да дайын, бірақ WBC бұл жекпе-жекке әлі тапсырыс берген жоқ", - деп жазыпты Коппинджер Twitter желісінде.

25 жастағы Конуэлл кәсіпқойда жеңіліп көрмеген. Ол 18 жекпе-жегінің барлығында үстем түсіп, 13 қарсыласын нокаутқа түсірген. Чарльз қазақстандық бір боксшыны жеңген. 2020 жылы Мадияр Әшкеевті 9 раундта тоқтатқан болатын. Сонымен қоса, америкалық боксшы 2016 жылғы Олимпиадаға да қатысқан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар