auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жеңіліп көрмеген америкалық 5 мамырда Головкинге Альварестің орнына қарсылас болғысы келетінін айтты

Жеңіліп көрмеген америкалық 5 мамырда Головкинге Альварестің орнына қарсылас болғысы келетінін айтты
Деметриус Андраде © SPORTARENA.com
Алғашқы орта салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы чемпион, жеңіліп көрмеген америкалық Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) допинг тесттен өте алмай қалған жағдайда қазақстандық Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) қарсылас болуға дайын екенін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, Головкинмен қарымта кездесуге екі ай қалғанда Альварестің қанынан кленбутерол атты допинг табылған. Мексикалықтың командасы мұны зарарлы етті тамаққа пайдаланумен байланыстырды. Дегенмен Невада штатының Атлетикалық комиссиясы Альваресті әзірге жекпе-жектерден шеттетті. Қорытынды шешім 10 сәуірде шығады.

Андраденің сөзінше ол 5 мамырда "Канелоны" алмастырып, кез келген допинг сынақтан өтуге дайын.

"5 мамырда Головкинмен жұдырықтасуға дайынмын. Мен әрдайым жаттығамын, тап қазір VADA тестін тапсыра бастаймын және одан өтетінінме кепіл беремін. Мұндайды барлық боксшылар айта алмайды. Мен жеңілген емеспін, әлемнің екі дүркін чемпионымын. Головкинмен ешкім жұдырықтасқысы келмейтін уақыт артта қалды. Ешкім қарсы келгісі келмейтін жігіт, мен әзірмін.

Менің кім және қолымнан не келетінін кез келген біледі. Американың орта салмақтағы ең мықты боксшысы және әлемнің үштігіндемін. Менімен жекпе-жек қызықты емес дейтіндерден сұрағым келеді. Маррей, Адама, Гил, Монро және Росадо жекпе-жектері кімге қызық болды? Үздіктердің ешбірі менімен жұдырықтасқысы келмейді. Сондықтан 5 мамырда "Канело" шаршы алаңға шыға алмаса, Головкинмен чемпиондық атаққа таласқым келеді", - деп келтіреді Андраде сөзін BoxingScene.com.

Айта кетейік, былтыр қазанда Андраде орта салмақта алғашқы жекпе-жегін өткізіп, 12 раунд қорытындысы бойынша Алантеза Фоксты жеңген. Дегенмен "Канелоны" ауыстыруға дайын екенін Деметриустан бөлек WBC чемпионы Джермалл Чарло (26-0, 20 КО) да айтқан.

Ал Головкиннің промоутері Том Леффлер комиссия Альвареске қатысты қандай шешім шығарса да,  қазақстандық 5 мамырда шаршы алаңға шығатынын мәлімдеген болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама