Екінші орта салмақта WBC және WBA чемпионы Сауль "Канело" Альварес қауіпті қарсыластармен айқасудан қашып жүр, соның ішінде орта дивизионда IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкиннен, деп жазады Boxing247.com.
Порталдың жазуынша, мексикалық боксшы жеңіліп қалудан қорқады.
"Канело" үшін Плантпен жұдырықтаспай, оның орнына Дэвид Бенавидес, Геннадий Головкин, Джермалл Чарло немесе Деметриус Андрадемен жекпе-жекке көңіл салу керек. "Канело" бұл жігіттердің бірімен шыққысы келмейтіні анық және неге екені түсінікті. Бұлардың арасында "Канело" 2021 немесе 2022 жылы шығуы мүмкін жалғыз боксшы ол Андраде, ал бұған себеп америкалықтың Лиам Уильямспен кейінгі жекпе-жекте өте нашар жұдырықтасуы.
Ал "Канелоның" Плантпен кездесу өткізгісі келетін жалғыз себеп - бұл эгоизм, ол жанкүйерлер көргісі келетін қарсыластармен шықпау үшін өзін ресми түрде осылай ғана ақтап алады. Әңгіме Бенавидес, Чарло, Головкин, Андраде, Бетербиев, Берланг және Бивол туралы. Бұл жігіттермен айқаста "Канело" жеңіліп қалуы мүмкін", - деп жазады БАҚ.