Бокс
13 қазан 2021 18:46

"Жеңіліп қалам деп...". Қанат Ислам африкалық боксшыдан қорқатыны айтылды

©instagram.com/islamkanatqaza

Намибиялық боксшы Уолтер Каутондокваның (18-2, 17 КО) командасы Қанат Исламға (27-0, 21 КО) қарымта өткізуді ұсынған екен. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында бұл туралы менеджер Нестор Тобиас айтып берді. 

Боксшылар арасындағы жекпе-жек 2019 жылы 26 қазан Алматыда өтіп, төрешілер шешімімен Қанат жеңген еді.

"Уолтермен айқастан кейін Қанат бір-ақ рет жұдырықтасты. Ол қарсылас табумен қиындық көрді. Бұған қарамастан оның командасы біздің ұсынысты елемей келеді. Біз бір жыл бойы кез келген шартпен Қазақстанда немесе өзге елде қарымта өткізуді ұсынып келеміз. Олар біздің хабарламаларға жауап бермей жүр. Жеңіліп қаламыз деп қорыққаны ма?

Олардың жекпе-жегі тамаша болды. Бұл айқасты көпшілік қайталап көргісі келетініне сенімдімін. Осынша бос уақыты бар адам бізді елемей жүргені өкінішті", - дейді Тобиас. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport