auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Жеңіліп жатырсың деп сыбырлап едім". Бапкер Головкиннің шаршап қалғаны жайында

"Жеңіліп жатырсың деп сыбырлап едім". Бапкер Головкиннің шаршап қалғаны жайында
Геннадий Головкин және Абель Санчес. © mmamania.com
Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес Reddit қолданушыларымен сессия кезінде қазақстандық боксшының Сауль "Канело" Альварестен (50-1-2, 34 КО) жеңілгеннен кейінгі жағдайы туралы сұрақтарға жауап берді. 

15 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен қарымтада "Канело" төрешілер шешімімен жеңген болатын. Бұл Головкиннің алғашқы жеңілісі және ол WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылды. 

"Мұнымен біткен жоқ. Головкин оралады. Ол халық чемпионы, рингке чемпион болып көтерілді де, нағыз чемпион сияқты жұдырықтасты. Ол оралады", - дейді Санчес. 

"Канело" Головкиннің қарсыластары арасында ең мықты панчер ма деген сұрақ:

"Жоқ, мен Давид Лемье мен Кертис Стивенс дер едім. "Канело", өте жылдам және рингтегі ең ақылды қарсылас".

Головкин қарымтада жылдам шаршап қалғаны жайында:

"Мұнымен келіспеймін. Еуропалық әуесқой жүйе өкпені толтыру үшін терең демалуды қарастырады. Ол шаршаған болса, 11 және 12-ші раундта жасағанын көрсете алмас еді". 

Бапкер неге қармта кезінде Головкинге ұтылып жатырсың деп айтты:

"Бұл жекпе-жек тең өтіп жатты. Мен құлағына оның пайдасы үшін осылай сыбырладым. Ынталандыру үшін, есеп айырмасын көбейтуге". 

"Канеломен" үшінші жекпе-жекті Лас-Вегастан басқа жерде өткізу туралы:

Үлкен жекпе-жектердің барлығы Лас-Вегаста немесе Нью-Йоркте өтеді. Промоутерлер боксшылар мен өздері үшін жақсысын таңдайды. ал біз үшін ол - ринг, қарсыластар мен рингтегі төреші". 

Головкиннің HBO телеарнасындағы болашағы жайлы:
"
Менің білетінім, екеуі үшін бұл HBO арнасындағы соңғы жекпе-жектері. Геннадийде бұл бойынша шешім қабылдайтын өз кеңесшілері мен промоутерлері бар. Мен бапкермін, маған осы да жеткілікті".
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама