Жеңілмеген нокаутшының менеджері Головкинмен айқас уақытын айтты

©es.agfight.com

Бразилиялық боксшы Эскива Фалькаоның (30-0, 20 KO) менеджері Серджио Батарелли қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 KО) айқастың уақытын шамалады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин алдымен Фалькаомен айқасады, ол IBF белбеуіне міндетті үміткер. Ал жеңімпаз WBA "регуляр" титулына ие кубалық Эрисланди Ларамен жекпе-жекке шығады. 

"Бұл енді ресми. Жаңа ғана екі хат алдым, құжат Эскива Фалькао мен Геннадий Головкин арасында титулды айқас өткізуді растайды және екі команданы жекпе-жек бойынша келіссөз жүргізуге міндеттеді. Боксшылар келесі жыл басында жұдырықтасу керек. Кездесу 2023 жылдың ақпан немесе наурыз айында өтеді, бірақ, бұл болжам. Өтетін орын мен уақыт келіссөзге байланысты", - дейді Батарелли.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport