Жеңілмеген нокаутшы Головкин - "Канело" айқасына бөгет болмақ
Суперорта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Хильберто Рамирес (43-0, 29 КО) Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) және Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасқысы келеді, деп хабарлайды vRINGe.com.

7 мамырда Альварес пен Бивол жартылай ауыр салмақта WBA Super белбеуін сарапқа салады, ал бір аптадан кейін Рамирес осы дивизионда WBA "уақытша" чемпионы болған германиялық Доминик Бесельмен (32-2, 12 КО) жұдырықтасады.
"Жанкүйерлер үшін тамаша шоу қалаймын. 14 мамырдағы айқасымда мексикалықтар көп болады, бокс сүйетіндер. Сондықтан мәлімдеме жасағым келеді, мен "Канело" - Бивол кездесуінің жеңімпазымен шыққым келеді. Міне маған не керек. Алдымен 14 мамырда жеңу қажет. Мен осы дивизионда ең мықтымын және мұны дәлелдеймін. Мен мықтылармен айқасқым келеді, өйткені ең мықты мен екенін білемін", - дейді Рамирес.
Жарнама