Жеңіліп көрмеген даниялық боксшы Якоб Бэнк (20-0, 11 КО) қазақстандық Жанибек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) екінші орта салмақта бос тұрған WBO титиулы үшін жекпе-жекке қызу дайындықты бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бэнк карьерасында ең маңызды жекпе-жекке дайындалып жатырFighting.dk басылымының мәліметінше, даниялық боксшы алдағы айқас алдында жаттығу қарқынын арттырған. Оның командасы дайындықтың барынша қарқынды өтіп жатқанын және ешқандай жеңілдік жасалмайтынын атап өтті.
Әлімханұлы мен Бэнк жекпе-жегі қашан өтеді?"Оңай жол жоқ. Ақталуға себеп жоқ. Тек тынымсыз еңбек", – делінген Бэнк командасының Primetime Boxing әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған жазбасында.
Жекпе-жек 2027 жылғы 23 қаңтарға жоспарланған. Кездесу Данияның Хорсенс қаласындағы Forum Horsens аренасында Primetime Fight Night 11 – The Takeover бокс кеші аясында өтеді.
Бұл Әлімханұлының кәсіпқой мансабындағы екінші орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегі болады. 2026 жылдың жазында қазақстандық боксшы жаңа салмақ дәрежесіне ауысу үшін орта дивизионда WBO чемпиондық белбеуін өз еркімен босатқан еді.