Бокс
Бүгін 11:41
 

Жеңілмеген нокаутшы Әлімханұлымен титулды айқасқа қарқынды дайындала бастады

  Пікірлер

blog.share

Жеңілмеген нокаутшы Әлімханұлымен титулды айқасқа қарқынды дайындала бастады Сурет: Mark Robinson / Matchroom Boxing©

Жеңіліп көрмеген даниялық боксшы Якоб Бэнк (20-0, 11 КО) қазақстандық Жанибек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) екінші орта салмақта бос тұрған WBO титиулы үшін жекпе-жекке қызу дайындықты бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Жеңіліп көрмеген даниялық боксшы Якоб Бэнк (20-0, 11 КО) қазақстандық Жанибек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) екінші орта салмақта бос тұрған WBO титиулы үшін жекпе-жекке қызу дайындықты бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бэнк карьерасында ең маңызды жекпе-жекке дайындалып жатыр

Fighting.dk басылымының мәліметінше, даниялық боксшы алдағы айқас алдында жаттығу қарқынын арттырған. Оның командасы дайындықтың барынша қарқынды өтіп жатқанын және ешқандай жеңілдік жасалмайтынын атап өтті.

"Оңай жол жоқ. Ақталуға себеп жоқ. Тек тынымсыз еңбек", – делінген Бэнк командасының Primetime Boxing әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған жазбасында.

Әлімханұлы мен Бэнк жекпе-жегі қашан өтеді?

Жекпе-жек 2027 жылғы 23 қаңтарға жоспарланған. Кездесу Данияның Хорсенс қаласындағы Forum Horsens аренасында Primetime Fight Night 11 – The Takeover бокс кеші аясында өтеді.

Бұл Әлімханұлының кәсіпқой мансабындағы екінші орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегі болады. 2026 жылдың жазында қазақстандық боксшы жаңа салмақ дәрежесіне ауысу үшін орта дивизионда WBO чемпиондық белбеуін өз еркімен босатқан еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!