Жеңілмеген қазақстандық проспект келесі жекпе-жегін Канадада өткізеді

© Fightnews.info
Бірінші орта салмақта WBC "жастар" чемпионы және WBC Asia титулына ие қазақстандық Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) келесі жекпе-жегін 12 наурызда өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec.com мәліметінше, 22 жастағы қазақстандық Монреальдағы бокс кешінде рингке шығады. Қарсылас кім болатыны әзірге белгісіз.

Ахмедов кейінгі рет 2019 жылы Канадада жұдырықтасып, аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (12-6-2, 7 КО) жетінші раундта нокаутқа түсірген.
Жаңалықтар