Бокс
28 ақпан 2022 08:14

Жеңілмеген қазақстандық кәсіпқой Қанат Исламға қарата үн қатты

©instagram.com/zhankoshturarov

Жеңілмеген қазақ боксшы Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) карьерасында алғаш рет жеңілген Қанат Исламға (28-1, 22 КО) қолдау білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Джимми Келлиге (26-2, 10 КО) қарсы Плант-Ситидегі бокс кешінде өткен 10 раундты жекпе-жек төрешілер шешімімен британиялықтың пайдасына аяқталды. 

"Кешегі Қанат бауырымның кезекті кездесуінде екі тараптың да мықтылығын көрдік. Жекпе-жектің соңына дейін тақымымызды қысып, үлкен үмітпен отырдық. Қанекең екеуміз Маями қаласында 3 жыл бірге тұрып, бір нанды талай бөлістік. Еңбекқорлығы мен адамгершілігімен ерекшеленетін бауыр ағама еш мойыма дегім келеді. Бұл - Үлкен спорт! Жеңіс бар жерде - жеңіліс те болары заңдылық. Әлемге танымал ұлы боксерларымыздың да тарихында жеңілістің ащщы дәмі сезілген. Осы күнге жетудің өзі де үлкен жеңіс! Мұхит асып, денсаулықты тәуекелге тігіп ел намысын қорғаудың артында қанша тер мен күштің жұмасалатыны сенімен мен жақсы түсінеміз. Қанеке бауырым, жеңісті күндерің әлі де алда. Еш мойымай, алдағы жекпе-жекке одан әрі қайратты болып оралатыныңа сенімдіміз! Елің сенімен әрдайым мақтанады", - деп жазыпты Тұраров. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport