Бокс
8 тамыз 2019 11:49

Жеңілмеген қазақстандық 10 нокауты бар ТМД чемпионымен жұдырықтасады

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (11-0, 8 КО) 24 тамыз Ресейде өтетін бокс кешінде жұдырықтасатын қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


25 жастағы Нұрсұлтанов Челябіде өтетін шоуда 30 жастағы ТМД чемпионы ресейлік Артур Осиповпен (15-1, 10 КО) жұдырықтасады. Қазақстандықтың қарсыласы кәсіпқой рингта 16 жекпе-жектің біреуінде ғана жеңілген, ал он кездесуін нокаутпен жеңген. Жекпе-жек он раундқа есептелген және Мейірім мұндай форматта алғаш рет жұдырықтасады. 

Бұл шоудың басты жекпе-жегінде ресейлік Сергей Ковалев (33-3-1, 28 КО) Энтони Ярдоқа (18-0, 17 КО) қарсы жартылай ауыр салмақта WBO белбеуінің қорғауын өткізеді.

Еске салайық, соңғы рет Нұрсұлтанов рингке наурызда Голливудта жұдырықтасып, пуэрторикалық Луис Эрнандесті (16-8, 9 КО) төрешілер шешімімен жеңген.

Айта кетейік, Нұрсұлтанов пен Ковалевтің ісін Main Events және менеджер Эгис Климас жүргізеді.