Жеңілмеген қазақ нокаутшыға "Канелоның" бұрынғы промоутерлері көз тігіп отыр

Сурет: Eye of the Tiger Management

Қазақстандық Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) Golden Boy промоутерлік компаниясы көз тігіп жүрген боксшылар арасында бар. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне жағдайға жақын мәлімет көзі хабарлады.
 
Ахмедов рингке шығатын бокс кешін Eye Of The Tiger мен Golden Boy бірігіп өткізеді екен. Егер қазақ боксшы мексикалық промоушен басшыларын таңқалдыра алса, оның карьерасында үлкен өзгерістер болады. 
 
Бірінші орта салмақта WBC "жастар" титулына ие қазақстандық боксшы 29 қаңтарда голландиялық Стивен Даньомен (17-3-3, 6 КО) жекпе-жекке шығады. 
  
Ахмедов үшін бұл Мексикадағы алғашқы айқас. Бұл кездесуде WBA Continental, NABF, WBC Francophone және NABO титулдары сарапқа салынады. Жекпе-жек он раундқа есептелген.