Жеңілмеген қазақ нокаутшы жеті қарсыласын сұлатқан америкалықпен айқасқа шығады

11 қыркүйек 2021 10:16
©instagram.com/serikmussadilov/

Бірінші ауыр салмақта жұдырықтасатын 27 жастағы қазақстандық Серік Мұсәділов (10-0, 9 КО) келесі жекпе-жегін 24 қыркүйек Майамиде өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz

BoxRec мәліметінше, "Панда" лақап атты қазақ боксшының қарсыласы 39 жастағы америкалық Шон Миллер (18-6-1, 7 КО) болады. Бұл айқас сегіз раундқа есептелген. 

Кейініг рет Серік рингке 9 шілде осы Майамиде жұдырықтасып, төрешілер шешімімен 30 жастағы америкалық Ламонт Каперсті (11-15-5, 2 КО) төрешілер шешімімен жеңген.

Мұсәділов кәсіпқой карьерасын 2017 жылы бастап, қатарынан бес кездесуін Мексикада өткізді. Осыдан кейін ол үш жыл рингке шықпады, ал қазіргі таңда АҚШ-та өнер көрсете бастады.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport