Жеңілмеген қазақ нокаутшы әлем чемпионын айқасқа шақырды

©instagram.com/sultanzaurbek/

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы боксшы Сұлтан Зауырбектің (17-0, 12 КО) менеджері Билли Нельсон қазақстандыққа қарсылас тапты, деп жазады Vesti.kz.

Сұлтаннға қарсылас ретінде жартылай жеңіл дивизионда WBA чемпионы Рэймонд Форд (15-0-1, 8 КО) таңдалып отыр. Америкалық боксшы нокаутпен жеңген өзбекстандық Отабек Холматов (12-1, 11 КО) өзі үшін 126 фунтта соңғы қарсылас болғанын мәлімдеген еді.

"130-ға көтеріл де Сұлтан Зуырбекпен айқас", - деп жазыпты оған Нельсон твиттерде.

27 жастағы Сұлтан кейінгі рет 1 наурыз Ұлыбританияның Телфорд қаласындағы Telford International Centre аренасындағы бокс кешінде жұдырықтасып, колумбиялық Виктор Хулионы (17-11, 9 КО) жеңген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар