Қазақстандық кәсіпқой боксшы және жалаң жұдырық жауынгері Алмат Жұман кәсіпқой бокстан UBO Continental чемпиондық белбеуі үшін рингке шығады.
Кездесу ҚР Конституциясы күніне орай 30 тамызда Эквадор астанасы Китода өтеді. Қазақ алыбының бұл жолғы қарсыласы Эквадор бойынша boxrec рейтингінде бірінші сатыда тұрған Диего Киноньес.
Кездесу 10 раундқа жоспарланған. Спортшылар супер орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. Алмат кештің басты қонағы ретінде шаршы алаңға шығады. Бокс кешін ұйымдастырушы - Capital box.
Еске салайық, Алмат Жұман (7-0-0) карьерасында жеңіліс көрмеген кәсіпқой боксшы. Сонымен қатар, ол Конор Макгрегордың BKFC лигасымен келісімшартқа отырған алғашқы қазақ.
Спортшының негізгі ақпараттық серіктесі және демеушісі Орталық Азия Франчайзинг Ассоциациясы (ОАФА), сондай-ақ Lanzhou мейрамханалар желісі.
Бокс кеші 30 тамыз 16:00-де (Астана уақытымен 31 тамыз, 02:00) басталады.

Жарнама