Жеңілмеген қазақ боксшының титулды жекпе-жегі Қазақстанда тікелей көрсетіледі

Боксшының командасы ұсынған сурет
"Хабар" арнасы бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (17-0, 13 КО) келесі жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бастапқыда Жүкембаев аргентиналық Максимилиано Рикардо Веронмен (12-3-1, 4 КО) жекпе-жекке шығу керек болатын, алайда, ол Канадаға виза ала алмады. Енді қазақстандық 27 жастағы Рикардо Ларамен (22-7, 10 КО) жұдырықтасады.

Бұл жекпе-жек 25 қаңтар Montreal Casino аренасында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы. Қазақстандық боксшы WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental белбеулерін қорғайды. Бұл шоуға билеттердің бәрі сатылып кеткен.

Қазақстан астанасының уақытымен бұл кездесу 26 қаңтар таңғысын өтеді. "Хабар" арнасындағы трансляцияның басталуы 08:30.
Жаңалықтар