Жеңілмеген қазақ боксшының келесі жекпе-жегі белгіленді

©instagram.com/sultanzaurbek

Жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек (13-0, 9 KO) келесі жекпе-жегін Эдинбургте (Шотландия) өткізеді. Бокс кеші 21 шілдеге жоспарланған. 

Бұған дейін боксшы Англияда жекпе-жекке шығады деп күтілген еді. Алайда бокс кеші өтетін орын ауысыпты. Ал қарсыласы әзірге белгісіз. 

Сұлтан Зауырбек IBF рейтингінде 14-орында келеді. WBA нұсқасы бойынша 10-орында. Сондай-ақ WBO European титулына ие. 

Отандасымыз соңғы рет наурыз айында жекпе-жекке шықты. Болтондағы (Англия) бокс кешінде ол аргентиналық боксшы Факундо Арсені нокаутпен жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар