Жеңілмеген қазақ боксшының келесі жекпе-жегі белгіленді

20 қыркүйек 2019 11:31
© TOP RANK
Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) рингке оралатын күн белгілі болды.

Жеңілмеген қазақ боксшысы келесі жекпе-жегін 7 қарашада өткізеді. Қарсыласының есімі әзірге белгісіз.

"Әлемге қазақ стилін көрсететін күн белгілі болды. Жеңісте жүздесейік!", - деп жазыпты боксшы Instagram желісінде. 




26 жастағы Әлімханұлы соңғы рет 17 тамызда канадалық Стюарт МакЛелланмен (27-3-3, 11 КО) жұдырықтасып, бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген. Осылайша, ол WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерін алғаш рет қорғады.