Жеңілмеген қазақ боксшылар келесі жекпе-жегіне жаттығу лагерін бастады
Сурет боксшылардың командасымен ұсынылған
Супер орта салмақта өнер көрсететін Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) және жартылай орта дивизионда жұдырықтасатын Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) келесі жекпе-жектері алдындағы жаттығу лагерін бастады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшылардың командасына жақын мәлімет көзі хабарлады.
Мұның алдында боксшылар желтоқсанда жұдырықтасады деген ақпарат тараған.
27 жастағы Ербосынұлы 12 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен (8 нокаут). Қазақ боксшы 2018 жылы WBA Inter-Continental, WBO Global және аймақтық WBC Asia белбеулерін жеңіп алған.
26 жастағы Жаңабаев сегіз жекпе-жегінің барлығында жеңіп (5 нокаут), WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific титулдарын иеленген.

Жарнама