Бокс
25 ақпан 2021 11:45
 

Жеңілмеген қазақ боксшы WBC титулы үшін жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Жеңілмеген қазақ боксшы WBC титулы үшін жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады Нұртас Әжбенов. Сурет: MTK Global

Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Нұртас Әжбенов (10-0, 4 КО) ресейлік Евгений Смирновпен (13-1-3, 3 КО) болатын жекпе-жекке қатысты пікір білдірді. 

blog.share

Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Нұртас Әжбенов (10-0, 4 КО) ресейлік Евгений Смирновпен (13-1-3, 3 КО) болатын жекпе-жекке қатысты пікір білдірді. 

Бұл кездесу 27 ақпанда Алматыда өтетін MTK Fight Night кешіне жоспарланған. Жекпе-жекте WBC Asia Continental титулы сарапқа салынады.

"Қарсыласым мықты боксшы, ол да жеңіске талпынады. Оның мотивациясы жақсы, сондықтан, бұл тартысты айқас болады.

Бапкерлермен оны зерттеп, өз пайдамызға жарата алатын бірнеше тұсын белгілеп алдық. Шебер қарсыласпен кездесу маған ұнайды, көрермендерге тамаша жекпе-жек көрсете аламыз деген ойдамын. 

Әр жекпе-жек өзінше бөлек. Психологиялық тұрғыда айқасқа дайындықты нөлден бастайсың. Бастысы - өзіңе не керегін біліп, соны рингте көрсете алу. 

Жеңіске жету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Жаттығу жоспар бойынша өтті, жекпе-жек түні бабымда болу үшін бәрін жасадым", - деп береді Нұртастың сөзін MTK Global сайты.  

Жарнама

Живи спортом!