Жеңілмеген қазақ боксшы үш титул үшін жекпе-жекте африкалық нокаутшыны берілуге мәжбүр етті

17 желтоқсан 2020 13:33
Сурет: : instagram.com/suleimen_promotions_official/

Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) ганалық Исса Самирді (19-1, 16 КО) жеңіп, WBC, WBO және WBA титулдарын қорғап қалды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші орта салмақ лимитіндегі жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын. Айдос кездесуді бірінші раундтан-ақ белсенді бастады, ал үшінші раундта қарсылас нокдаунға түскеннен кейін ары қарай жұдырықтаса алмады. Қазақ боксшы техникалық нокаутпен жеңді.

31 жастағы Исса үшін бұл карьерасындағы алғашқы жеңіліс, ал 29 жастағы Ербосынұлы әлі жеңілмеді.

Айта кетейік, бұл кездесу андеркардында Бекзат Нұрдәулетов нигериялық Кабиру Товолавиді, ал Бек Нұрмағамбет ганалық Эммануэль Дансодан басым болды.