auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жеңілмеген қазақ боксшы титулды жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

Жеңілмеген қазақ боксшы титулды жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады
©instagram.com/zhankoshturarov

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Жаңқош Тұраров (24-0, 17 КО) 18 желтоқсан Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде рингке оралады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол жекпе-жекке дайындық пен алдағы жоспар туралы айтып берді. 

31 жастағы Жанқоштың қарсыласы 39 жастағы мысырлық Абдумонем Саид (22-1-1, 11 КО) болады. Жартылай орта салмақтағы кездесу он раундқа есептелген.

- Жанқош рингте көптен бері шықпадың, 18 жетоқсандағы жекпе-жектің маңызы қандай?

- Мен үшін маңызы үлкен. Екі жылдай рингке шықпадым, боксты сағындым. Біріншіден өз елімде жұдырықтасу құрмет, екіншіден Данияр бауырым титул үшін айқасады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тамаша бокс кешін сыйлаймыз. 

- Қарсыласың туралы не дейсің, дайындық қалай?

- Барынша дайындалып жатырмыз, Алматыда жаттығудамын. Әр айқасыма соңғы рет шығатындай дайындалуға тырысамын. Қарсыласым мықты, сондықтан оңай болмайды. Алты рет түрлі титулға таласқан, тәжірибелі. 

- 31 жасқа келдің. Осы үзіліс карьераңа қалай әсер етті?

- Әлем бойынша көптеген боксшыларға жекпе-жек өткізу қиынға соғуда. Карантин мен басқа себептермен екі-үш жекпе-жегім өтпей қалды. Бірақ бұл қиындықтар менің басымда ғана емес. Қазір мен бабымдамын, сондықтан чемпиондық биікке шыққым келеді. 

- 2022 жылға жоспарың үлкен болып тұр ғой?

- Келесі жылы кемі үш-төрт айқас өткізіп, жыл соңында титулға жұдырықтасқым келеді. Қазір менің салмағымда мықты боксшылар көп. Нақты жоспарым бар. 

Айта кетейік, 2019 жылы Тұраров WBO ұйымының құрлықтық белбеуін иеленген еді, ал 2021 жылы одан қорғаусыз айырылып қалды. 

Жалпы Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe Jek сарайында өтетін бокс кешінде 13 кездесу болады. титул үшін жұдырықтасатын Данияр Елеусіновтің алдында шаршы алаңға аса ауыр салмақтағы Иван Дычко шығады. Оның қарсыласы ресейлік Александр Устинов. 

Сонымен қатар, осы шоуда тұңғыш рет 55,3 келі салмақта Ержан Залилов пен Ескендір Харсан арасындағы Қазақстан чемпионы белбеуі сарапқа салынады. Дәурен Елеусінов болса әзірбайжандық Али Мамедовпен жұдырықтасады. 

18 желтоқсан күні Ангелина Лукас кәсіпқой бокста дебютін жасайды. Ол украиналық боксшы Алена Гурьевамен жолығады. Жекпе-жек кешінің андеркартында 28 жастағы Дәулет Дәукенов (9-2, 4КО) 34 жастағы ганалық Анама Доцемен (18-4, 17КО), 32 жастағы Айдар Шәрібаев (8-1, 7КО) 25 жастағы ресейлік Шохрух Абдиевпен (9-2-1, 3КО), 27 жастағы Николай Шваб  (7-0, 3КО) 35 жастағы ганалық Натаниэль Нукпемен (13-8-1, 13КО), ал Сапарбай Айдаров (5-0, 2 КО) 24 жастағы украиналық Всеволод Слипченокмен (4-2, 1КО) қолғап түйістірсе, Асхат Жантұрсынов (5-0, 4 КО), Айдар Әмірзақов (0-1) және Ақниет Әлібайдың (дебют) қарсыластары енді анықталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама