Бокс
22 қазан 2019 10:59

Жеңілмеген қазақ боксшы титул үшін жұдырықтасу мүмкіндігінен айырылды

© Main Events Boxing
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақ боксшы Мадияр Әшкеевтің (13-0, 6 КО) 9 қараша АҚШ-тың Гавайан Гарденс қаласында өтетін жекпе-жегіне қарсыласы ауысып кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бастапқыда қазақстандық 33 жастағы жергілікті боксшы Клеотис Пендарвиспен (21-5-2, 9 КО) WBC тұжырымы бойынша АҚШ чемпионы (USNBC) титулы үшін жұдырықтасу керек болатын. 

Енді BoxRec мәліметінше, Әшкеев мексикалық Фернандо Кастанедамен жекпе-жек өткізеді. Ол 26 кездесуіне жеңіп (17 нокаут), 13 рет жеңілген және бір рет тең түскен. Он раундқа есептелген жекпе-жекте қандайда бір титул сарапқа салынатыны туралы мәлімет жоқ.

Мадияр соңғы рет 5 шілде Алматыда жұдырықтасып, жетінші раундта украиналық Игорь Фаниянның (16-21-3, 8 КО) қабағы жарылғанына байланысты техникалық нокаутпен жеңген.

Ал Кастанеда рингке 2019 жылдың ақпанынан шықпады, мексикалық боксшы ол кезде багамалық Туреано Джонсонмен (21-2-1, 15 КО) тең түсті.