"Қазір оның жағдайы бірқалыпты, дәрігерлер қажетті көмек беруде. Ал жекпе-жек басқа уақытқа ауыстырылатын шығар. Нақты ақпаратты кейінірек хабарлаймыз", - дейді Нұршин.
Еске салайық, 26 жастағы Жаңабаев WBA Inter-Continental және WBO Oriental белбеулерін қорғау керек еді. Ал қарсыласы 38 жастағы венесуэлалық Эрнесто Эспана (30-2-1, 25 КО) болған.