Жеңілмеген қазақ боксшы "Канелоның" отанында 32 жекпе-жегі бар тәжірибелі мексикалықпен жұдырықтасады

© INTERBOX.CA
Жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Абылайхан Хұсайыновтың (10-0, 7 КО) келесі жекпе-жегіне қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақ боксшы рингке 15 сәуір Мексиканың Тихуана қаласында шығады. Оның қарсыласы жергілікті Мауро Лорето (20-10-2, 8 КО).

Хұсайынов кейінгі рет 5 шілде Алматыда жұдырықтасып, үшінші раундта армениялық Гарник Харутюнянды (3-2, 2 КО) нокаутпен жеңген.

Еске салайық, былтыр желтоқсанда Хұсайнов Eye of Tiger Management промоутерлік компаниясымен келісімшартты үзген. Қазір ол АҚШ-та жаттығады.