Айдос Ербосынұлы кубалық Давид Моррелді жеңген жағдайда Давид Бенавидесом, ал одан кейін әйгілі мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасқысы келеді екен, деп хабарлайды Vesti.kz.
6 қараша таңғысын Моррел мен Ербосынұлы суперорта салмақта WBA белбеуі үшін айқасқа түседі.
"Канело" мен Бенавидес - бұл атақты боксшылар. Егер мен Моррелді жеңсем, кейін Бенавидесті айқасқа шақырғым келеді. "Канело" маған ұнайды, онымен бір ай жаттығу лагерінде болдық, спаррингтер өткіздік. Оны құрметтеймін. Альварес көптеген чемпиондармен жекпе-жек өткізді. Сондықтан "Канеломен" жекпе-жекке шығу үшін өзіңді дәлелдей алу керексің. Сондықтан алдымен Бенавидес, содан кейін ғана "Канело". Өйткені Саульді қатты құрметтеймін", - деді Ербосынұлы баспасөз мәслихаты кезінде.