Жеңілмеген қазақ боксшы Жанқош Тұраровтың келесі жекпе-жегі өзгеше жария етілді

©nstagram.com/zhankoshturarov

Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусіновтің қатысуымен 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бокс кешіне қатысатын тағы бір боксшының есімі белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Елордадағы жекпе-жек кешінде қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров өнер көрсететін болды. Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы 25 айқасы болады. Бұған дейін 24 кездесуде Тұраров жеңіске жеткен. Ал 17 жекпе-жекте ол қарсыласын нокаутпен жеңген. Жанқоштың қарсыласы кім болатынын алдағы уақытта анықталады. 

Еске салайық, бұл бокс кешінің басты айқасында Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) жартылай орта салмақтағы IBO белбеуіне таласады. Оның да қарсыласы әлі белгісіз. 

Ал Даниярдың алдында шаршы алаңда Иван Дычко (10-0, 10 КО) өнер көрсетеді. Бұл боксшылардан бөлек, 18 желтоқсанда Ержан Залилов пен Ескендір Харсан да жұдырықтасады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: