Кәсіпқойда жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Саматәлі Төлтаевтың (6-0, 3 КО) келесі жежкпе-жегі белгіленді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Келесі қарсылас
Саматәлі 4 сәуір Бангкокта (Таиланд) Хонг Куан Динеммен (Вьетнам, 12-2-1, 4 КО) айқасқа шығады. Вьетнамдық боксшы бұрын IBF Asia титулын иеленген. Жекпе-жек екінші жеңіл салмақта (63,5 кг) өтеді және 8 раундқа есептелген.
"4 сәуірде Бангкокта Саматәлі Төлтаев (6-0-0, 3 КО) мен Вьетнамның бұрынғы IBF Asia чемпионы Хонг Куан Дин (12-2-1, 4 КО) арасындағы жекпе-жек өтеді. Айқас екінші жеңіл салмақта (63,5 кг) болады және 8 раундқа есептелген", - делінген Irfin Promotions хабарламасында.
Саматәлі Төлтаев кім?
Саматәлі 2016 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2017 жылы жастар арасындағы Азия чемпионы, 2019 жылы ересектер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2020 жылғы Қазақстан чемпионы. Ол кәсіқой рингте 2024 жылдан бері өнер көрсетеді. Оның егізі Санатәлі Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетеді.
Қарсыластың карьерасы
Хонг Куан Дин 2022 жылы сәуірде филиппиндік Делмар Педиоканды төрешілер шешімімен жеңіп, жеңіл салмақта IBF Asia белбеуін жеңіп алған. Сол жылы 10 желтоқсанда ол филиппиндік Арнель Баконахеге қарсы белбеуін қорғауға шықты, бірақ, салмақ лимитіне сай келмегендіктен титулдан айырылды, алайда, айқастың өзінде жеңіске жеткен.
Жарнама