Жеңілмеген қазақ боксшы Аустралиядағы титулды жекпе-жекте "Үреймен" жұдырықтасады

© Suleimen Promotions
Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Нұрсұлтан Жаңабаевтың (7-0, 5 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

26 жастағы Жаңабаев 14 тамыз Аустралия астанасы Сиднейдегі ICC Exhibition Centre аренасында жұдырықтасады. Қазақстандық боксшының қарсыласы "Тиморлық үрей" лақап аты бар 30 жастағы жергілікті Стив Гаго (11-0, 4 КО).

Жекпе-жек форматы 10 раунд. Мұның алдында Жаңабаев жартылай орта салмақта WBA Inter-Continental титулын қорғайтыны хабарланған еді.

Бұл бокс кешінде тағы бір қазақстандық - Айдос Ербосынұлы (11-0, 8 КО) да жұдырықтасады. Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық аустралиялық Рокки Джеркичпен (17-1, 13 КО) жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесуге екінші орта салмақтағы бос тұрған WBA International белбеуі тігілген.

Еске салайық, екі боксшы да соңғы рет 24 наурыз Алматыда жұдырықтасты. Жаңабаев венесуэлалық Иван Матутені нокаутпен жеңді, ал Ербосынұлы бокс кешінің басты жекпе-жегінде намибиялық Лукас Ндафолумнан басым болды.