Жеңілмеген қазақ боксшы аргентиналық "Сиқыршымен" айқас алдында салмақ өлшеді

Сурет: instagram.com/janibek_qazaqstyle©
Орта салмақтағы жеңілмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) аргентиналық "Сиқыршы" лақап атты Гонсало Кориямен (16-3, 6 КО) жекпе-жек алдында міндетті салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Таразыда Гонсало 71,6676, әл Жәнібек - 72,1212 келі көрсетті.

Жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас штатындағы MGM Grand спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуді "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 10 қазан (сенбіде) 8:00-де басталады.

27 жастағы Жәнібек кейінгі рет былтыр қарашада Фреснода (Калифорния штаты, АҚШ) шығып, канадалық Альберт Онолуноседен (24-3-1, 8 КО) нокаутпен жеңген. Бұл кездесуде ол WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғап қалды.
Жаңалықтар