Бокс
14 наурыз 2023 09:36

Жеңілмеген қазақ боксшы Әлімханұлымен айқасқа қатысты ойын айтты

©RCC Boxing Promotions

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) жапониялық Кадзуто Такесакоға (15-0-1, 14 КО) қарсы дайындығы және Жәнібек Әлімханұлымен айқасқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Такесако мен қазақ боксшы сәуір айында Оңтүстік Кореяда айқасады.

- Ұлттық командамен Алматыда жаттығып жатырмын. Қарсыласымның жекпе-жектерін көріп, зерттедім. Соған қарсы дайындалып жатырмыз. Бұл менің Кореяға алғаш сапарым болады. 

- Биылдыққа қанша айқас жоспарлап отырсыз?

- Негізі үшеу өткіземін ба дегенмін. Алайда қалай боларын көреміз. Промоутер мен менеджерім қалай жақсы боларын шешеді. 

- Әлімханұлымен айқас туралы не ойлайсыз?

- Ондай жекпе-жек өтпейді деп ойлаймын. Қазақтар неге бір-бірімен айқасу керек? Басқа да белбеулер бар, солар үшін айқасуға болады. Ал әзірге нақты бағыт жоқ, қандай мүмкіндік болады соны пайдаланамын. Кез келген ұсынысқа ашықпын. 

Америкалық сарапшы Жәнібекке қазақ боксшымен жекпе-жек ұсынды

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport